Бұл туралы Ресейдегі Қазақстан елшісі Дәурен Абаев хабарлады.
«Үйлеріне қайтқысы жоқ»: Сирияда 30 қазақстандық қылмыстық топ қатарында жүр
Фото: Ақорда
975
оқылды

Сирия аумағында 30-дан астам қазақстандық түрлі қарулы топтардың құрамында жүр, олардың басым бөлігі елге оралуды жоспарламайды, – деп жазады Aikyn.kz «РИА Новости» порталына сілтеме жасап. 

«Кейбіреулер тіпті Сирия азаматтығын алып, сол жерде тұрақты қалуды көздеп отыр», – деп хабарлады Абаев.

Сонымен қатар 10-нан астам қазақстандық Сириядағы күрд жасақтары бақылауындағы «Әл-Хол» мен «Родж» лагерьлерінде қамауда. Олар да Қазақстанға қайтудан бас тартқан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»TELEGRAM арнасынан табасыз.