Екі жасар бала ауруханаға жеткізілді.
Бір үйір жылқыға кезіккен ерлі-зайыпты апатқа ұшырап, көз жұмды
Фото: istockphoto.com
24,929
оқылды

Махачкала маңында KIA Rio көлігі жолға шығып кеткен жылқыларды қағып, салдарынан екі адам қаза тапты, екі жасар бала жарақат алды. Бұл туралы Дағыстан ІІМ хабарлады, – деп жазады Aikyn.kz

Оқиға Богатыревка-Шамхал тасжолының 3-шақырымында болған. 33 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай, алдынан шыққан жануарларды қағып кеткен.

Жүргізуші мен оның 25 жастағы әйелі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал екі жасар балалары ауруханаға жатқызылды.

Қазір оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»TELEGRAM арнасынан табасыз.