Рамазан – рухани тазару айы. Бұл айда тек ораза ұстау ғана емес, сондай-ақ жан-дүниені реттеп, жаңа әдет қалыптастыруға болады. Ал жаңару – адамның өз-өзімен жұмыс істеуін талап ететін үздіксіз процесс, – деп хабарлайды Aikyn.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Рамазан неге жаңа әдет қалыптастыруға ыңғайлы кезең?
Америкалық пластикалық хирург Максвелл Мольц жаңа әдет қалыптастыру үшін 21-30 күн қажет екенін айтқан. Ол 1960 жылы шыққан "Psycho-Cybernetics" кітабында адамның жаңа әдетке немесе өмірлік өзгерістерге бейімделуі үшін кем дегенде 21 күн қажет екенін жазған. Ал Рамазан айы бір айға созылады.
Бұл – бұрынғы әдеттерден арылып, жаңасын қалыптастыру үшін таптырмас мүмкіндік. Сондай-ақ ораза ұстаған адамның өзін-өзі бақылауы басым болады.
Сонымен, қандай әдеттерді қалыптастыруға болады?
Күнделікті дұға ету, Құран оқу, кешіру арқылы рухани әдет қалыптасады.
Ал дұрыс тамақтану, суды жеткілікті мөлшерде ішу, физикалық белсенділікті арттыру – денсаулыққа пайдалы.
Адам тек жақсылықты ойлау арқылы өзін дамыта алады.
Мұқтаж жандарға көмектесе отырып, қайырымдылыққа жаныңыз жақын болады.
Жоғарыда атап өткен әдетті бойыңызда қалай тұрақты қалыптастыруға болады?
- Әдет қалыптастырудың басты шарты – шынайы ниет.
- Әр күннің соңында жасаған ісіңізді жазып, жетістіктеріңізді бақылаңыз.
- Уақытты босқа өткізетін әдеттерден бас тартып, пайдалы іске көңіл бөліңіз.
- Бір күн жіберіп алсаңыз, келесі күні жалғастыруды ұмытпаңыз.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.