Украинаға жөнелтілуге дайын тұрған жүктер де кері қайтарылмақ.
АҚШ Украинаға барлық әскери көмекті тоқтатты
Фото: aa.com.tr
2,063
оқылды

АҚШ Украинаға барлық әскери көмекті тоқтатты. Дональд Трамп ресми Киев тиісті шешім қабылдамайынша, үзіліс жасауды ұйғарған, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.

Шектеу әуе, жер, теңіз арқылы тасымалданатын жүктердің бәріне қатысты. Украинаға жөнелтілуге дайын тұрған жүктер де кері қайтарылмақ.

Блумберг ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың Украинаға қару-жарақ тасымалдауды тоқтататыны тараптар пайдалы қазбаларды игеру туралы келіссөзге келе алмағаннан кейін белгілі болған.   

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.