Қазақстандық ару Дубайда құрамы табиғи иіссу жасап шығарды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
24.kz телеарнасы тілшісінің мәліметінше, Оның құрамында бірде-бір химиялық қоспа жоқ. Әтірдің жаңа түрі Таяу Шығыс елдерінде таныла бастаған. Автор әмірлікте өз дүкенін ашып үлгерді.
Қазақ қызы ойлап тапқан таңдаулы парфюм араб қыз-келіншектеріне арналған. Кейінгі 5 жылдан бері Дубайда тұрып жатқан Әйгерім Ақбай осы шаруаның иінін келтіріп, қисынын тапқан. Қарамағында бірнеше адам жұмыс істейді. Әтірдің 40-тан астам түрін сатумен айналысады. Соның ішінде шашқа арналған иісмай да бар. Ерекшелігі, парфюм органикалық таза, химиялық қоспасыз әзірленген.
Өнімді кез келген қыз-келіншек қолдана алады. Жергілікті араб әйелдерінен бөлек іргедегі Қатар, Оман, Кувейт және Бахрейннен тапсырыс түсіп жатады.