Шымкенттен Мюнхенге тікелей әуе рейсі ашылады.
Мамыр айында SCAT әуе компаниясы жаңа халықаралық рейс ашады
Фото: gov.kz
577
оқылды

27 мамырдан бастап қазақстандық SCAT компаниясының әуе кемесі Шымкент – Мюнхен бағытында ұша бастайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рейстер аптасына үш рет – сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері ұйымдастырылады. Бұл Қазақстан мен Германия арасындағы қолайлы байланыстарды қамтамасыз етіп, туристік және іскерлік сапарларды одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Билеттер сатылымы ашық, – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.