Кеше әйгілі композитор, «Отырар сазы» ұлт аспаптары академиялық оркестрінің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиева дүниеден өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Тілендиеваның туыстарына көңіл айтты
Фото: akorda.kz
496
оқылды

Мемлекет басшысы әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты оның отбасына көңіл айтты,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі композитор, «Отырар сазы» ұлт аспаптары академиялық оркестрінің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты, – делінген Ақорданың хабарламасында.