13 наурыз сағат 13:00-де ауа райының бұзылуына байланысты кейбір республикалық жолдар жабылды.
Ауа райының бұзылуына байланысты республикалық автожолдарда көліктердің қозғалысына шектеу қойылды
Фото: istockphoto
357
оқылды

«ҚазАвтоЖол» көлік қозғалысына шектеу қою туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды Аikyn.kz

2025 жылғы 13 наурыз сағат 13:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:

Солтүстік Қазақстан облысы: - «Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - РФ шекарасы» автожолының 729-768 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы - Тоқсан ауылы).

Қостанай облысы: - «Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - РФ шекарасы» автожолының 686-729 шақырым аралығы (Сарыкөл ауылы - СҚО шекарасы). Жолды 2025 жылғы 14 наурыз сағат 06:00-де ашу жоспарланған, - делінген арнайы хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.