Қазақстанда халықаралық пошта жөнелтілімдерін кедендік декларациялау енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Keden кедендік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңмен енгізу шеңберінде халықаралық пошта жөнелтілімдерін кедендік декларациялау функционалының енгізілетінін мәлімдеді.
2025 жылдың 14 наурызы сағат 00.00-ден бастап, мұндай жөнелтілімдерді кедендік ресімдеу Keden ақпараттық жүйесінде кедендік декларация толтыру арқылы жүзеге асырылады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.