Ер адам ауыр дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 
Атырауда құтқарушылар ер адамды аман алып қалды 
769
оқылды

Атыраулық құтқарушылар ер адамды аман алып қалды. Тосын оқиға 17 наурыз күні сағат 08.57-де Атырау қаласы Азаттық даңғылында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі. 

Төтенше жағдай өкілдеріне тұрғын үйге бейімделген дүңгіршектен шақырту түскен.

Аталған мекенжайға құтқарушылар дереу жетіп, аумағы 30 шаршы метр болатын дүңгіршекте тұрмыстық заттар мен жиһаздардың өртеніп жатқанын анықтаған.

ТЖД қызметкерлерінің көмегімен контейнерден 67 жастағы азамат құтқарылып, ер адам ауыр дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 

Өрт сағат 09.24-те толықтай өшірілді. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.

Баян Жанұзақова

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.