Ол үдерістерді автоматтандыруды қамтамасыз етіп, бюрократиялық кедергілерді болдырмайды.
Кино өндірісі саласындағы бизнес-үдерістерді жеңілдету үшін e-Kino ақпараттық жүйесі әзірленді
Фото: gov.kz
307
оқылды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында елімізде кино өндірісі саласындағы бизнес-үдерістер автоматтандырылып жатқанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Үкіметке сілтеме жасап.

Ол бүгінгі таңда кино өндірісі бірқатар жүйелі мәселелерге, соның ішінде басы артық қағаз құжат айналымына, мемлекеттік қолдауды бөлуде цифрлық құралдардың болмауына және кассалық түсімдердің бұрмалану қаупіне тап болғанын атап өтті. Бұл фильмдердің кешігуіне, шешім қабылдаудағы субъективтілікке және қаржылық шығындарға әкеледі.

«Осы мәселені шешу мақсатында e-Kino ақпараттық жүйесі әзірленді, ол үдерістерді автоматтандыруды қамтамасыз етіп, бюрократиялық кедергілерді болдырмайды және AI және Big Data арқылы шешімдердің субъективтілігін барынша азайтуы тиіс. Сондай-ақ билет қызметтерімен интеграциялау көлеңкелі айналымды жояды, ал цифрлық экожүйе, соның ішінде стриминг платформалары мен краудфандинг, киноиндустрияның ашықтығы мен тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, жаңа қаржылық мүмкіндіктер жасайды», – атап өтті Жаслан Мәдиев.