Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қалалық департаменті «Nazira Gold» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға салған сомаларынан 20-40% көлемінде ай сайынғы табыс болады деп уәде берген.
Алайда, шын мәнінде төлемдер сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың салымдарынан жүзеге асырылған.
Нәтижесінде қаржы пирамидасына 4 мыңнан астам салымшы тартылған.
Қылмыстық табысқа күдіктілер екі пәтер, тұрғын үй және 10 автокөлік сатып алған.
Тінту барысында 374 миллион теңге қолма-қол ақша және құны 300 миллион теңгеден астам 12 келі алтын бұйымдар тәркіленді.
Күдіктілер екі айға қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жариялауға жатпайды.
– Агенттікте қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін «Baiqa, piramida!» Telegram-боты іске қосулы.
Егер Сіз немесе жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жүгінуді сұраймыз, – делінген ақпаратта.
Агенттік өкілдері азаматтарды сақ болуға және күмәнді қаржылық ұйымдарға жинақтарын салмауға шақырды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.