Биыл Гарвардта білім алу құны 83 мың долларды құраған.
Әйгілі Гарвард университеті аз қамтылған отбасының балаларын тегін оқытады
Фото: istockphoto
617
оқылды

Әлемге әйгілі Гарвард университеті жаңа оқу жылынан бастап әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының балаларына ақысыз білім береді, деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.

CNN агенттігінің мәліметінше, табысы 200 мың АҚШ долларынан аспайтын отбасының балалары ғана осындай жеңілдікке ие бола алады. Бастама аясында университет студенттерді жатын орны, медициналық сақтандыру, жол жүру шығындарымен қамтамасыз етеді. Биыл аталған оқу орнындағы білім алу құны – 83 мың доллар.

Айта кетейік, университет басшылығы 2004 жылдан бері әлеуметтік жағдайы төмен балаларға білім алуды қолжетімді ету бағдарламаларын жүзеге асырып келеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.