Антициклон Қазақстанның оңтүстігіне де әсер етеді.
Аяз, көктайғақ: мереке күндері ауа райы қандай болады?
Фото: istockphoto.com
3,332
оқылды

Синоптиктер 20, 21, 22 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Солтүстік өңірлерге суық антициклон ығыса бастайды. 21 наурызда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, көктайғақ болады, боран соғып, жел күшейеді.

22 наурызда солтүстік аймақтарда жауын-шашын тоқтап, түнде 5-10 градус аяз болады.

Антициклон Қазақстанның оңтүстігіне де әсер етеді, сондықтан жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.