ТЖМ қызметкерлері үйлерінде ата-анасыз қалған кішкентай балаларды құтқару жағдайлары көбейген.
Өрт сөндірушілер құлыптаулы пәтердің ішінде жалғыз қалған сәбиді құтқарды
Фото: gov.kz
353
оқылды

ТЖМ мәлімдеуінше, құтқарушылар пәтерлерде қамалып қалған балаларды құтқару оқиғасы жақын күндері екі рет болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бірінші жағдай елордада болған. Көпқабатты үйлердің бірінде балалар қамалып, анасы дүкеннен келген кезде есікті өз бетінше аша алмады. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері альпинистік жабдықтың көмегімен жоғары қабаттан түсіп, балкон арқылы кіріп, пәтердің есігін іштен ашты.

Екінші жағдай Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында болған. Көппәтерлі үйлердің бірінде сәби құлыптаулы пәтердің ішінде жалғыз қалды. Өрт сөндірушілер балконға өрт сатысының көмегімен кіріп, ата-анасын үйге кіргізді. Бір жастағы және үш, төрт жастағы балалар зардап шеккен жоқ,  дейді құтқарушылар.

Құтқарушылар ата-аналарға балаларды жалғыз қалдыру олардың өмірлері үшін қауіпті екенін ескертеді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.