Биыл көрмеге шетелдік қолөнершілер де шақырылған.
Мемлекет басшысы этноауылдағы қолөнер жәрмеңкесіне барды
465
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев этноауылдағы қолөнер жәрмеңкесін аралады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Биыл көрмеге отандық қолөнершілермен қатар Қытай, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркия, Иран, Тәжікстан елдерінен шеберлер шақырылған.

Президентке ұлттық ойындар, қазақстандық дизайнерлер мен танымал брендтердің ұлттық киім үлгілері таныстырылды.