Әнші Қайрат Нұртас пен жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың бірге түскен суреті жарияланды, – деп жазды Аikyn.kz.
Қайрат Нұртас Instagram парақшасында жариялаған сурет қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары алаңдаушылығын білдіріп, екеуіне бақыт тілеген.
«Өзім ажырасатындай уайымдаймын осы екеуін», «Екеуіңді бірге көргенде қуанамыз ғой», «Бір жастықта әдемі қартаю бұйырсын. Балаларыңның қызығын бірге көріндер», «Әжептеуір ұл туатын әйелді улап-шулап қыз туғыздыңдар дегендей. Екеуін шулап ажыратамыз, шулап қосамыз, әйтеуір. Өз үйімізде тірлік жоқтай, екеуін уайымдап біз де. Әй, айналайындар, ажырамай, тас боп қатып, балаларыңның рахатын бірге көріңдерші», - деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.