Оңтүстік Кореяда орман өртеніп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz
24.kz арнасының мәліметінше, елдің оңтүстік-басында 6 мың гектардан астам алқап жанып кетті. 4 адам қаза тауып, тағы 6 адам ауыр жарақат алды. Жергілікті билік табиғи апатқа байланысты қауіпті өңірлерде төтенше жағдай жариялады.
Қызыл жалын кей елді мекенге жетіп, 1 жарым мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Өртті сөндіруге 9 мыңнан астам маман жұмылдырылып, 100-ден астам арнайы техника қолданылып жатыр. Бірақ мамандардың айтуынша, бұған жел көп кедергі келтіріп отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз