Бұл рейтингті Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған.
Финляндия қатарынан сегізінші рет әлемдегі ең бақытты ел танылды
istockphoto.com
1,391
оқылды

Финляндия қатарынан сегізінші рет әлемдегі ең бақытты ел танылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

24.kz арнасының мәліметінше, үздік бестікте Дания, Исландия, Швеция мен Нидерланд бар. Ал АҚШ 24-орыннан көрінді. Жапония мен Оңтүстік Корея сияқты дамыған елдерден басып озған Қазақстан тізімде 43-орында тұр. Бұл рейтингті Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған.

Халықаралық сауалнамаға 147 мемлекет қатысты. Бақыт 6 фактор бойынша айқындалған. Олар әлеуметтік қолдау, табыс, денсаулық, еркіндік, жомарттық және жемқорлықтың болмауы. Сауалнамаға қатысқан азаматтар өмір сүру деңгейін нөлден 10-ға дейінгі ұпаймен бағалады.

Нәтижесінде, финдер ең бақытты тұрғындар болып шыққан. Олардың материалдық жағдайы ғана емес, қайырымдылыққа сену, ұжымшылдық, достық, сондай-ақ отбасының берекесі жоғары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз