Афины қаласының тарихи орталығында, әйгілі Акрополь етегінде Наурыз мерекесіне арналған ерекше іс-шара өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қонақтар қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, домбырамен орындалған күйлерді тыңдап, дәстүрлі киімдер көрмесін тамашалады. Мерекеге түрлі мемлекеттің азаматтары қатысып, қазақ мәдениетімен танысты.
- Қазақстанның Грекиядағы елшісі Тимур Сұлтанғожин өз сөзінде биылғы мерекенің жаңартылған форматта өткенін атап өтті. Ол ұлттық бірегейлік нышандарын кеңінен насихаттаудың маңыздылығын және олардың халықтың мәдени тамырларына оралуында ерекше рөл атқаратынын баса айтты, - деп жазылған хабарламада
Айта кетейік, БҰҰ дерегінше, Наурызды әлем бойынша 300 миллионға жуық адам тойлайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз