Бұған Үндістанның өнім экспортына шектеуді алып тастауы себеп болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл шектеу 2022 жылы енгізілген еді. Ол инфляцияны тежеп, ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін жасалған. Содан баға шарықтап, өнім тапшылығы туындады. Себебі Үндістан Қытайдан кейін әлемде күріштің ірі өндірушісі саналады.
– Енді жергілікті билік экономикалық қиындықтарға байланысты фермерлердің табысын көтеру үшін ауыл шаруашылығы тауарларының экспортын арттыруға ниетті. Былтыр қаңтарда күріштің бір тоннасы біздің ақшамен 337 мың теңге тұрса, қазір 204 мың теңгеге дейін арзандаған, – деп жазды 24kz.