Сапар барысында ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізіп, ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.
Словения президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстанға ресми сапармен келеді
Фото: akorda.kz
372
оқылды

2025 жылдың 31 наурыз-1 сәуір күндері Словения президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстанға ресми сапармен келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Сапар барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.
Екі ел арасындағы іскерлік байланысты дамытуға айрықша назар аударылып, Қазақстан-Словения бизнес-форумы өтеді.

Словения экожүйелерді қорғау және орнықты даму бастамаларын белсенді түрде ілгерілетіп келеді. Бұл сапар екіжақты қарым-қатынасты арттыруға, соның ішінде экология, экономика және гуманитарлық бастамаларды нығайтуға тың мүмкіндік береді, – делінген Ақорданың хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.