«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, еріген қар сулардың салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Көлік қозғалысына шектеу қойылған облыстар:Ақтөбе облысы: – «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы – Ембі қаласы).
Қостанай облысы: – Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысы: – «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 41 арнайы техника мен 65 маман жұмылдырылды, – делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.