Бұл туралы ҚМДБ-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.
ҚМДБ Ораза айт намазының кестесін жариялады
1,330
оқылды

Рамазан айының аяқталуына аз қалды. 30 наурыз – Ораза айт мейрамы, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ораза айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін жариялады.

Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында айт намазы сағат 07:00-де басталады.

Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары үшін Ораза айт намазының уақыты 07:30 болып белгіленді.

Ал Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары мен Атырауда айт намазы сағат 08:00-де басталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.