Қарағанды қаласында 13-шағынауданда орналасқан көпқабатты үйде 4-қабаттағы пәтерде кір жуатын машина өртеніп, ащы түтін бүкіл кіреберіске тараған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ТЖМ құтқарушылары өртті мүмкіндігінше қысқа мерзімде, үйдің басқа орын-жайларына таралмай тұрып сөндірді.
– Сөндіру жұмыстары барысында құтқару қалпақтарын қолдану арқылы 3 адам эвакуацияланып, 1 газ баллон қауіпсіз жерге шығарылды. Зардап шеккендер жоқ, – делінген хабарламада.
ТЖМ өкілдері осындай жағдайларда түтін көп шоғырланған жерлерде сақ болуды ескертеді. Ащы түтінмен тыныс алу адам өліміне әкеп соғуы мүмкін!
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.