Мьянманың орталық бөлігінде магнитудасы 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Зілзаланың эпицентрі 1,2 миллион тұрғыны бар Мандалай қаласынан шамамен 17 шақырым жерде орналасқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ztb.kz-тің мәліметінше, Мандалайда ғимараттардың қирағаны және көшелерде үйінділер пайда болғаны туралы хабарламалар түсіп жатыр. Куәгерлер әлеуметтік желілерде құлаған ғимараттардың суреттері мен бейнежазбаларын бөлісуде.
Жерасты дүмпулері көршілес елдерде, әсіресе Таиландта қатты сезілген. Бангкокта тұрғындар үрейленіп, ғимараттардан сыртқа қашып шыққан. Сондай-ақ қалада салынып жатқан биік ғимараттың құлағаны туралы ақпарат тарады.
Бангкок билігі көпқабатты үйлердің тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Мыңдаған адам қонақүйлер мен ғимараттардан шығып, көшеде қалуға мәжбүр болды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.