Бүгінгі күні кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне жалпы сомасы 7,6 млн теңге көлемінде зиян келтірілген.
Павлодардағы оңалту орталығы мүгедектерден тегін қызмет үшін ақша алып отырған
Фото: istockphoto
1,037
оқылды

Павлодар қаласының прокуратурасы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын оңалту орталықтарының бірінің басшылығы мүгедектігі бар адамдарға тегін көрсетілуі тиіс арнаулы әлеуметтік қызметтер үшін ақы алып отырғанын анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық прокуратура мәліметінше, орталық басшысы жалған шарттар жасасқан. Соның негізінде көрсетілетін қызметті алушылар ұзақ уақыт бойы орталыққа бюджет қаражаты есебінен көзделген қызметтер үшін ақы төлеп келген.

– Бүгінгі күні кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне жалпы сомасы 7,6 млн теңге көлемінде зиян келтірілген.

Алаяқтық фактісі бойынша Павлодар қаласының Полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, тергеу  шаралары жүргізілуде, – делінген облыстық прокуратура таратқан ақпаратта.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.