Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы жер сілкінісіне қатысты тапсырма берді
408
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің өңірдегі жер сілкінісінен кейінгі ахуал бойынша баяндамаларын тыңдады,  деп хабарлайды Aikyn.kz

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Олжас Бектеновке әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті көмек көрсетуді тапсырды. 

Үкімет облыстағы ахуалды бақылауға алды.

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша, Жамбыл облысында болған жер сілкінісіне байланысты жергілікті атқарушы органдарға жағдайды талдау, жедел шаралар қабылдау, келтірілген шығынды анықтау және бағалау мәселелерінде көмек көрсету үшін өңірге Төтенше жағдайлар вице-министрі бастаған үкіметтік жұмыс тобы жіберілген болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.