Премьер-министр Пхэтхонгтхан Чинаватқа және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.
Президент жер сілкінісінен көптеген адамның қаза табуына байланысты Таиланд Премьер-министріне көңіл айтты
Фото: Ақорда
439
оқылды

Мемлекет басшысы Таиландтың Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Таиландтағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты осы елдің Премьер-министрі Пхэтхонгтхан Чинаватқа және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты. 

Президент табиғат апаты кезінде жарақаттанғандардың тез арада сауығып, отбасыларына дін аман оралуына тілектестігін білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.