Таяуда Эстонияның Таллин қаласында Наурыз мейрамы аясында Қазақстан Республика­сының Эстония Республикасындағы елшілігі және Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы бірігіп, алғаш рет тоғызқұмалақтан шеберлік сабағын ұйымдастырды.
Тоғызқұмалақтан шеберлік сабағы өтті
264
оқылды

Шараға Қазақстан Республикасының Эс­то­ния Респуб­ликасындағы елшісі Алтай Көл­­гі­нов, Дүниежүзілік тоғыз­құмалақ феде­ра­­циясының вице-президенті Мақсат Ра­­ман­құлов, дипломатиялық корпус өкілдері мен жергілікті билік басшылары қатысты.

Шеберлік сабағын тоғызқұмалақтан 3 дүркін Әлем чем­пионы Серік Ақтаев өткізді.

2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО-ның ма­териалдық емес мәдени мұралар тізіміне ен­гізілген.

Былтырғы 8-13 қыркүйек аралығында Аста­на қаласында өт­кен V Дүниежүзілік көш­пенділер ойын­дары бағдарлама­сын­дағы то­ғыз­құмалақ жарысына 41 елдің спортшылары қатысты.

Бүгінде тоғызқұмалақтан 7 Әлем чем­пионаты, 6 Азия чем­пионаты өткізіліп, 50-ден астам елде на­сихаттаушылары мен өкіл­дері бар.