“Жігіттер” тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов шығармашылыққа қатысты жаңалығын бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өнер иесі топтан бөлініп, жеке өнер көрсетуге шешім қабылдағанын жеткізді.
“Мен бір шешімге келдім. Хайырлысы сол болды. Бөліну емес, шыңдалу деп ойлау керек. Жеке бір шауып көру керек болып тұр. 22 жыл ажырамай жүр екенбіз”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп жатыр.
“Бөлінбей-ақ, жеке орындаушы болып жүруге болмай ма?!”, “Мүмкін, ән айтуды қоятын шығар”, “Жігіттермен қырылып қалған”, “Еркін бар кездегі жігіттер от еді”, “Топтың сәні кетіп қалады. Көз үйреніп қалып еді”, – деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.