Абдул-Мәлік 8 ұпай жинап, чемпиондық атақты алдын ала иеленді.
Астаналық 7 жасар бала шахматтан әлем чемпионы атанды
www.istockphoto.com
1,247
оқылды

Сербияның Врнячка-Баня қаласында мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионаты өтті. Чемпионатқа қатысқан астаналық жас шахматшы Абдул-Мәлік Қайрат 7 жасқа дейінгі санатта мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. 

 – Абдул-Мәлік Қайрат 7 жасқа дейінгі санатта әлем чемпионы атанды! Турнир бүгін аяқталады, бірақ жас шахматшы өз жеңісін мерзімінен бұрын қамтамасыз етті, – делінген хабарламада.

Оның басты қарсыласы – үндістандық Ом Еш Готтумукалуды бесінші турда жеңуі шешуші рөл атқарды. Сегіз турдан кейін Абдул-Мәлік 8 ұпай жинап, чемпиондық атақты алдын ала иеленді.

Бүгінгі күнгі жарыстың басқа 10 жас санатында да шешуші ойындар өтуде. Жеті санатта қазақстандық шахматшылар алтын медальға үміткер.