Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов цифрлық мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамыту және оларды халыққа қолжетімді ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Олжас Бектенов мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді
Фото: primeminister.kz
1,666
оқылды

Атап айтқанда, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі алдына бірнеше міндет қойылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Үкіметке сілтеме жасап.

Үкімет басшысының тапсырмасына орай, жыл соңына дейін жасанды интеллект элементтерін іске қосу арқылы «электронды үкімет» порталын жаңғырту керек.

Шалғай елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету жобаларын уақытылы іске асыру қажет. Барлық ауылдық пошта бөлімшелерінде мемлекеттік қызметтер көрсетуді қаржыландыру мәселесі шешімін табуы тиіс.

Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсететін мейлінше сұранысқа ие қызметтерді электронды форматқа көшіру керек, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ халық арасында жаңа электронды қызметтер, оларды пайдалану мен алу қағидалары, дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қарапайым шараларын сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру қажет.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.