Қарағанды облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері облыстық департаменттердің бірінің басшысына және оған бағынышты қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Департамент басшысы орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 1 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.
– Сонымен қатар, айыпталушылар жалған жұмыспен қамтылған қызметкерлердің шоттарына жалпы сомасы 2,5 млн теңгеге жалақы, сыйлықақы және іссапар шығыстарын негізсіз аудару арқылы адамдар тобында бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталуда, – делінген ақпаратта.
Айыпталушылар сотқа тартылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.