Алматы қаласында Қазақстан-Ресей ауыл шаруашылығы саласындағы озық технологиялар орталығы ашылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Орталық Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының қолдауымен, Ресей ғылым академиясы және Қазақстан мен Ресейдің жетекші ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесе отырып құрылды.
Орталықтың ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы мен Ресей ғылым академияларының академиктері, жетекші ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, сондай-ақ аграрлық бизнес өкілдері қатысты.
Озық технологиялар орталығы екі елдің жетекші ғылыми мекемелерімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтін болады. Ол тәжірибе алмасу, инновациялық шешімдер әзірлеу және ауыл шаруашылығына жоғары технологиялық тәсілдерді енгізу үшін бірегей алаңға айналады.
Орталықтың басты мақсаты – Қазақстан мен Ресей ғалымдарының бірлескен зерттеулерін жүзеге асыру және инновациялық жобаларды дамыту.
Атап айтқанда:
• Ауыл шаруашылығы дақылдарының геномдық селекциясы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу;
• АӨК-дегі цифрлық технологияларды дамыту және ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыруға арналған инновациялық шешімдерді енгізу;
• Тұрақты агротехнологияларды енгізу, соның ішінде көміртек және көміртекті үнемдейтін егіншілік технологияларын дамыту арқылы экологиялық қауіпсіздік пен ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығын арттыру;
• Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу технологияларын әзірлеу, жоғары қосылған құны бар жаңа өнім түрлерін жасау.
Орталық агротехнологиялар саласында жаңа стартаптар құрудың катализаторы болмақ. Бұл Қазақстан мен Ресейдің ғылыми және технологиялық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.
Бірлескен зерттеулер мен әзірлемелер екі елдің ауыл шаруашылығында инновациялық шешімдерді кеңінен енгізуге серпін беріп, азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы саласының тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.