«Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитіне келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Самарқандта Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев күтіп алды.
Мемлекет басшысы бүгін «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитіне қатысады
Фото: akorda.kz
276
оқылды

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті мен «Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» халықаралық конференциясына қатысу үшін Самарқандтағы Конгресс-орталыққа барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев күтіп алды.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитіне ерекше мән беретінін айтып, аталған жиын аймақ елдерінің Еуропа Одағымен диалогын ілгерілетуге ықпал ететініне сенім білдірген болатын.

«Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитіне қатысушылардың бірлескен суретке түсу сәті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.