Тележүргізуші, журналист Динара Сәтжан жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Тележүргізуші блогер Әсел Ауылбековаға берген сұхбатында күйеуімен қалай танысқанын айтты.
“Оның бұрынғы отбасы туралы білгісі келетіндер көп. 2023 жылы ресми түрде ажырасқан. Мен онымен сұхбаттастым. Көрермен де шет-жағасын біледі. Содан кейін бәрі басталды. Оған дейін мен танитынмын. Оның сондай іскер азамат екенін, Forbes журналының мұқабасына шыққанын білемін. Сұхбат шыққаннан кейін жақын араласа бастадық. Бір көргеннен ғашық болдым деп айтпай-ақ қояйын. Ондай сөзге онша сене де бермеймін. Ол кісі өте көп адамдарға көмектескен. Сол үшін де қатты құрметтеймін”, – деді Динара Сәтжан.
Айта кетейік, Динара Сәтжан кәсіпкер Жұмабек Жанықұловпен отау құрды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.