Ақ үй басшысы Дональд Трамп Иран ядролық бағдарламасын шектейтін жаңа келісімге келмесе, әскери соққы беретінін айтты. Бұл қадам — Таяу Шығыстағы ахуалды одан әрі ушықтыруы мүмкін.
АҚШ президенті Иран ядролық бағдарламасын шектемесе, әскери соққы жасайтынын мәлімдеді
Фото: интернеттен алынды
644
оқылды

Иран тарапы бұған жауап беріп, Сыртқы істер министрлігінің өкілі Эсмаил Багаи Трамптың мәлімдемесін «халықаралық қауіпсіздікке қайшы» деп бағалады.

Сондай-ақ, Трамп Иранды Йемендегі хуситтермен арадағы қақтығысқа жауапты деп санайтынын ашық айтты. Бұл қақтығыс жалғаса берсе, Парсы шығанағында жаңа энергетикалық дағдарыс туындауы ықтимал.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз