Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласында алты микроқаржы ұйымының заңсыз қызметі әшкереленгені туралы мәлімдеген болатын, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Белгілі болғандай, алты микроқаржы ұйымы бірыңғай құрылым ретінде жұмыс атқарған, олар бір кеңсені пайдаланып, онда 200-ден астам қызметкер жұмыс істеген, ал олардың қызметі шетелдік азаматтардың бақылауында болған.
Сот, қарыз алушылардың 130 кепілдік шартын жарамсыз деп тану туралы талаптарын қанағаттандырды, осылайша азаматтар міндеттемелерден босатылды, ал микроқаржы ұйымы алынған қаражатты қайтаруға міндеттелді.
Еске сала кетейік, олардың әрекеттерінің нәтижесінде 327 мыңнан астам адам зардап шекті, келтірілген залал 30 млрд теңгені құрайды. Агенттіктің бастамасымен Алматы қаласының прокуратурасы 327 мың азаматтың мүддесі үшін сотқа арыз түсірді. Тергеу жалғасуда.