Қазақстаннан Өзбекстанға жаңа әуе бағыты ашылады.
1 мамырдан бастап QazaqAir әуе компаниясы жаңа халықаралық рейс ашады
Фото: gov.kz
307
оқылды

Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейтіп, қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру аясында жұмыс жүргізеді,  – деп хабарлайды Аikyn.kz министрлікке сілтеме жасап.

Биылғы жылдың 1 мамырынан бастап қазақстандық QazaqAir әуе компаниясы Астана-Түркістан -Самарқанд бағыты бойынша Өзбекстанға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр.

Рейстер аптасына 2 рет бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 42-ден 44-ке дейін артады.

Әуеқатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.