Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Құтқарушылар Ақмола облысында үйлерді су басуының алдын алды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
457
оқылды

Ақмола облысына қарасты Ақкөл ауданы Еңбек ауылының маңында еріген сулардың егістіктен келуімен байланысты Жарлыкөл көлінің су деңгейі көтерілді. Салдарынан жеке тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Құтқарушылар инертті материалдары бар 5 мыңнан астам қапшықтарды төседі. Бөгеттің денесі нығайтылып, өнімділігі жоғары су сору стансалары орнатылды.

– ТЖМ, ЖАО, ТЖМ 55209 ә/б әскери қызметшілерінің жедел іс-қимылдарының арқасында жеке тұрғын үйлерді су басудың алдын алды. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, – делінген ақпаратта.