Бұрынғы Әділет министрі Азамат Есқараев Президент Жарлығымен Қазақстанның Үндістандағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ақорданың ресми мәліметіне сүйенсек, Президент екі мемлекеттегі елшілерді жаңадан тағайындады.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлім Серікұлы Қирабаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, – делінген ақпаратта.