Жергілікті заңға сәйкес, 2 ай ішінде сайлау өтуі керек.
Оңтүстік Кореяда президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды
Фото: istockphoto
482
оқылды

Оңтүстік Кореяда мерзімінен бұрын президент сайлауы биыл 3 маусымда өтетін болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24k-ке сілтеме жасап. 

Бұған елдің бұрынғы президенті Юн Сок Ёльдің қызметінен шеттетілуі себеп болып отыр.

Былтыр желтоқсанда мемлекет басшысы елде бірнеше сағатқа әскери жағдай енгізіп, бұл әрекеті бүлікке теңелген еді. 4 сәуірде конституциялық сот істі қарай келе Юн Сок Ёльге осы шешімі үшін импичмент жариялады. Жергілікті заңға сәйкес, енді 2 ай ішінде сайлау өтуі керек.

Сарапшылар алдағы додада оппозиция жетекшісі Ли Чжэ Мённің жеңіске жетуге мүмкіндігі мол дейді. Ол 3 жыл бұрынғы сайлауда Юн Сок Ёльден 1 пайызға аз дауыс жинап, жеңіліп қалған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.