Сарапшылардың пайымдауынша, жасанды интеллект жақын болашақта көптеген жұмыс орындарын жойып жібереді. Олардың жетеуі төмендегі тізімде.
20 жылдың ішінде жойылатын мамандықтар белгілі болды
Өндірістік процестерді роботтандыру адам еңбегін қажетсіз етеді. Фото persona-strany.ru сайтынан алынды
3,021
оқылды

Жүк тасымалынан бастап, музыка индустриясына дейінгі жұмыс орындарын ақылды машиналар тартып алады. Бұл туралы Aikyn.kz америкалық  Quartz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Америкалықтар ЖИ-дің еңбек нарығына әсері жөнінде қатты алаңдаушылық білдіруде. Фото euronews.com сайтынан алынды. Авторлығы: Canva

Америкалықтар ЖИ-дің еңбек нарығына әсері жөнінде қатты алаңдаушылық білдіруде. Сарапшылар болса бұндай күмәндердің негізсіз емес екенін айтады. Алайда барлық салалар бірдей деңгейде зардап шекпейді. 

Pew зерттеу орталығы сауалнама өткізіп, жасанды интеллект саласындағы 1000-нан астам сарапшының пікірін жинаған. Нәтижесінде алдағы 20 жылда қандай мамандықтар ең көп қысымға ұшырайтынын анықтаған.

Pew мәліметтері бойынша, «сарапшылар ЖИ-ге қарапайым халыққа қарағанда әлдеқайда оптимистік көзқараспен, үлкен сеніммен қарайтыны» белгілі болды. Ал қарапайым халықтың ЖИ-ге қатысты үміті әлі де төмен екенін көрсеткен. Бірақ бұл еңбек нарығында өзгерістер болмайды дегенді білдірмейді.

Төменде келтірілген мамандықтар – алдағы 20 жылда жасанды интеллектен ең көп зардап шегетіндер.

ЖИ заңдық құжаттарды талдау, келісімшарт жасау және сот ісін жүргізу процестерін автоматтандырады. Заңгерлер қысқарады. Иллюстрация future-hub.io сайтынан алынды. Авторлығы: генеративті ЖИ

ЖИ-ден ең көп зардап шегетін 7 мамандықтар

7-ші орында – музыканттар. Сарапшылардың 35%-ы: ЖИ музыка өндірісі мен орындаушылық саласында жұмыс орындарының қысқаруына әкеледі.

6-шы орында – заңгерлер. Сарапшылардың 38%-ы: ЖИ заңдық құжаттарды талдау, келісімшарт жасау және сот ісін жүргізу процестерін автоматтандырады. Заңгерлер қысқарады.

ЖИ музыка өндірісі мен орындаушылық саласында жұмыс орындарын қысқартады. Фото vivaharmony.ru сайтынан алынды

5-ші орында – бағдарламашы-инженерлер. Сарапшылардың 50%-ы: код жазу, тестілеу және баптау сияқты міндеттерді ЖИ өзі орындай бастайды.

4-ші орында – журналистер. Сарапшылардың 60%-ы: жаңалық жазу, тақырып ойлап табу және мәтін жасау ЖИ арқылы автоматтандырылатын болады.

Жасанды интеллект президенттердің баспасөз хатшыларын да ауыстыруы мүмкін бе? Фото rus.err.ee сайтынан алынды

3-ші орында – зауыт жұмысшылары. Сарапшылардың 60%-ы: өндірістік процестерді роботтандыру адам еңбегін қажетсіз етуі ықтимал.

2-ші орында – жүк көлігін жүргізушілер. Сарапшылардың 62%-ы: автономды көлік технологиясы жүргізушілерді алмастырады.

1-ші орында – кассирлер. Сарапшылардың 73%-ы: өзін-өзі қызмет көрсету терминалдары мен ЖИ негізіндегі төлем жүйелері кассир мамандығын азайтады.

 

ЖИ-дің бұл мамандықтарға әсері сөзсіз, бірақ бұл жаңа мүмкіндіктердің де ашылатынын білдіреді. Сарапшылардың айтуынша, ең бастысы – дер кезінде жаңа жағдайға бейімделіп, жаңа дағдылар мен жаңа кәсіптерді меңгеру керек.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.