АҚШ-тың сыртқы сауда саясаты әлемдік криптовалюта нарығына да әсер етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Көп сұранысқа ие биткоин бағасы арзандап, 1 данасының құны 74 мың долларға дейін төмендеді.
Мұндай құлдырау былтыр қараша айынан бері болған емес. Цифрлық валюталарды айырбастау қызметі «Binance» мәліметінше, биткоинның 10 пайызға арзандауы салдарынан трейдерлер 1 млрд доллар жоғалтқан.
Айта кетейік, бұған дейін виртуалды ақшаның құны шарықтап кеткен еді. Әсіресе Дональд Трампты ұлықтау рәсімі кезінде, яғни 20 қаңтарда бір биткоин 109 мың долларға саудаланды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.