Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының «Қазақстан археологиясы» ғылыми журналы 0.532 импакт-факторын алып, SCImago Journal Rank (SJR) Халықаралық рейтингінің бірінші квартиліне (Q1) ресми түрде кірді, — деп хабарлайды Aikyn.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Журналдың Q1-ге қосылуы оның жоғары ғылыми деңгейін, жарияланған зерттеулердің халықаралық маңыздылығы мен өзектілігін растайды. Бұл жетістік қазақстандық археологиялық ғылымның әлемдік аренада танылуын көрсетеді.
SCImago Journal Rank (SJR) – жарияланымдардан сілтеме алу жиілігін талдауға және жарияланымдардың беделін көрсетуге негізделген ғылыми журналдардың халықаралық рейтингі. Бұл рейтинг – жаһандық академиялық қауымдастықтағы басылымдардың ғылыми ықпалының негізгі көрсеткіштерінің бірі.
Сонымен қатар биыл «Қазақстан археологиясы» журналы Тәжікстан Республикасының Ғылыми басылымдарының ресми тізіміне енгізілген.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.