Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Танымал қазақстандық журналист Лев Тараков өмірден өтті
Фото: aikyn.kz
1,109
оқылды

Қазақстан журналистика саласының дамуына, отандық медиакеңістің қалыптасуына үлес қосқан белгілі журналист, көрнекті қайраткер Лев Тараков 59 жасында мезгілсіз өмірден өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

– Лев Юрьевич білікті медиаменеджер, шығармашыл тұлға, талантты әрі шебер публицист болатын. Тәуелсіз Қазақстан журналистикасының көгінде тағы бір жарық жұлдыз сөнді.

Онымен ұзақ жылдар бойы таныс болып, кәсіби тұрғыда тығыз қарым-қатынаста жұмыс істегеніме, жылы тілдесіп, жақын араласқаныма қуаныштымын. Ғибратты ғұмыр кешіп, соңына өнегелі із қалдырған азаматтың аяулы есімі халқымыздың жадында сақталады деп сенемін.

Туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Марқұмның топырағы торқа, жаны жәннатта болсын, – деп жазды министр.

Лев Тараков ұзақ жылдар бойы қоғамдық-саяси бағыттағы "Время" газетінің бас редакторы болды. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры, ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі, ҚР Президентінің баспасөз қызметінің жетекшісі, "Известия-Казахстан" газетінің бас редакторы, "Литер медиа" ЖШС-ның бас директоры қызметтерін атқарды.

2023 жылғы мамырдан бастап "Время" газетінің бас редакторы қызметін атқарып келген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.