Молдованың жаңа Елшісі Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.
Қазақстан-Молдова: Сенім грамоталары табыс етіліп, ынтымақтастық перспективалары талқыланды
Фото: gov.kz
374
оқылды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Молдова Республикасының Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Штефан Горданың сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz СІМ сілтеме жасап.

Ә.Бақаев Елшіні тағайындалуымен құттықтап, Молдова Елшілігінің Астана қаласында резиденциясымен ашылуы Қазақстан-Молдова қатынастарын одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім білдіріп, оған жұмыста табыс тіледі.

Сұхбат барысында тараптар екі елдің 2024 жылғы өзара іс-қимылының жемісті қорытындыларын атап өтті, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективаларын, сондай-ақ алдағы екіжақты іс-шаралар кестесін талқылады.

Сонымен қатар халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

Кездесу соңында Молдова Елшісі жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, достық пен серіктестік рухында мемлекетаралық қатынастарды үдемелі дамыту үшін бар күш-жігерін салуға дайын екенін растады.