“ҚазАвтоЖол” көлік қозғалысына шектеу қойылғаны туралы хабарлады.
Республикалық автожолдарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды
Фото: istockphoto
274
оқылды

"ҚазАвтоЖол" көлік қозғалысына шектеу қойылғаны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

2025 жылғы 11 сәуір су тасқыны кезінде пайда болған ақауларды жою үшін келесі республикалық автожолдарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды: Солтүстік Қазақстан облысы: - "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 729-768 шақырым аралығындағы учаскесі (Қостанай облысының шекарасынан Тоқсан би ауылына дейін).

Қостанай облысы: - "Астана- Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 686-729 шақырым аралығындағы учаскесі (Сарыкөл ауылынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін).

Балама жолдар: KZ15-08 «Тимирязево-Сарыкөл облыс шекарасы», KZ15-05«Волошинка-Сергеевка-Тимирязево», KАZ18 «Мамлютка-Қостанай». Жолды 2025 жылғы 12 сәуір сағат 12:00-де ашу жоспарланған, - делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.