Ауыр жарақат салдарынан бүлдіршін сол жерде бірден көз жұмған, - деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 10 сәуір күні кешкісін Сарыарқа шағынауданында болған.
- Бес жастағы бүлдіршін алтыншы қабаттың терезесінен құлап кеткен. Аса ауыр дене жарақаттарынан бала бірден оқиға орнында көз жұмды, - дейді ведомствоның баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде. Полиция кезекті мәрте қайғылы жағдайлардың алдын алдын алу үшін қарапайым қауіпсіздік қағидаларын тағы бір рет еске салды.
- Ешқашан кішкентай баланы қараусыз қалдырмаңыздар. Москит торына сенбеңіздер. Егер үйде кішкентай бала болса, ол өз бетімен терезені ашпасы үшін арнайы бұғаттауыш қорғаныс жүйелерін орнатыңыздар. Сонымен қатар бала терезе жақтауына шығып кетпес үшін терезе алдынан барлық жиһаздарды алып қою қажет, - деп толықтырды Полиция департаментінен.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.